Павлодарда жолаушы тасымалы және орман шаруашылықтарына жаңа техника берілді
Павлодар қаласындағы ішкі жолаушы тасымалы көліктері жаңартылды. Бүгін қалалық паркке 20 автобус тапсырылды. Олар жазғы маусым кезінде жолаушы саны көбейетін бағыттар бойынша жүреді. Яғни, саяжайлар мен қала маңындағы ауылдарға қатынайды. Бұдан бөлек, биыл бюджет қаржысына және демеушілердің көмегімен орман шаруашылықтарына 120 арнайы техника сатып алу жоспарланған. Солардың алғашқы партиясы, яғни 50-ге тарта жол талғамайтын, мобильді өрт сөндіруге арналған пикаптар және арнайы құрылғылар орнатылған тракторлар табыс етілді.
Аждар Жүсіпов, Павлодар қалалық Орман шаруашылығы және
жануарларды қорғау басқармасының басшысы:
Алты орман шаруашылығы бар. Біздің бақылауымыздағы жайылым мен мемлекеттік қордағы аумақ ең үлкен болып есептеледі. Біз тек қана орман күзетімен емес, жануарлар әлемін қорғаумен де айналысамыз. Оның үстіне заңсыз балық аулауға тосқауыл қою біздің тікелей міндетіміз. Сондықтан осы беріліп отырған техниканың біздің жұмысымызға үлкен септігі бар. Көліктеріміз әбден ескірген еді.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер
25.09.2026, 11:13
Мәскеуде Қазақстан елшілігі ғимаратындағы Ту төмен түсірілді
25.09.2026, 11:12
Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
25.09.2026, 11:10
Ауруханаға жеткізілген сарбаз есін жинады
25.09.2026, 11:09
Маңғыстаудағы жағдай: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды
25.09.2026, 11:08
Бас прокуратура: 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынды
25.09.2026, 11:06
Каспийдегі қайғылы оқиға: Әр лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді
25.09.2026, 11:05
Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды
25.09.2026, 11:03