БҚО-да ауыл жолын қарғын су бұзып кетті
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Дуана ауылының жолын еріген қар суы бұзып кетті. Аудан әкімі Әлия Мұханбетжанованың айтуынша, бұл – жылда қайталанатын жағдай. Жолда асфальт төсемі жоқ. Былтыр кіреберіс жолға екі су өткізу құбыры салынған. Ал жоба бойынша 5 құбыр салынуы керек. Оған қаражат жетпеген. Қазір судың ағысы бәсеңдеген. Көлік қозғалысы реттелген. Қазір елдімекенге қатынас бар. «Кезекшілік ұйымдастырылды, жағдай бақылауда»,- дейді Теректі ауданының әкімі. Ауылдық округ орталығы Сарыөмір мен Дуана ауылының арасы 25 шақырым. Ауылда 25 үй бар.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17