Абай облысында жоғалған малшы 5 күннен кейін аман табылды
Абай облысында жоғалып кеткен малшы 5 күннен кейін даладан аман табылды. 56 жастағы тұрғын мал іздеп шығып, қайта оралмаған. Полицейлер мен ауыл тұрғындары тоқтаусыз іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, малшы далада аман табылған. Жоғалған жылқыны іздеуге шыққан ол аяғынан ауыр жарақат алып жүре алмай жатып қалған. 5 тәулікке жуық далада қар жеп жан сақтаған көрінеді. Бойын суық алып, әбден әлсіреген. Полицейлер оны бірден ауруханаға жеткізді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17