«Digital Nauryz» цифрлық жобалар көрмесі өтті
Өскеменде Наурыз мерекесіне орай «Digital Nauryz» цифрлық жобалар көрмесі өтті. Ауқымды шарада көпшілікке цифрлық полицияның заманауи жабдықтары, тікелей-трансляция жүргізетін ұшқышсыз ұшу аппараттары, жүргізушісіз автокөлік пен телекоммуникациялық компаниялардың инновациялық жобалары ұсынылды. Аймақтағы Төтенше жағдайлар қызметі де өздерінің бірқатар цифрлық әзірлемелерін таныстырды. Бұдан бөлек, көрмеге жоғары оқу орындары мен өңірлік IT-Hub орталықтары қатысып, стартап идеяларын қорғады.
Нұрымбет Сақтағанов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:
Біз бүгінгі күні жаңа технологияларды ауылшаруашылығына, өндірісте, қалалық инфраструктураға қауіпсіздік жағдайы аясында қолданып отырмыз. Бұлар өмір сүру деңгейін ерекше жоғары деңгейде көтеретін ғылыми техникалық жетістік. Біздің өңір инновация тартатын, инвестиция тартатын, жаңа технологиялар тартатын өңірге айналуымыз керек. Ол үшін біз жастарға, кәсіпорындарға жағдай жасай отырып жаңа технологиялармен циврлық өңірге айналу үшін барлық жұмыстарды жасайтын боламыз. Және тағы бір айта кететіні Наурыз жаңару уақыты, ал жаңа технологияларды жаңашылтықтың жаршысы есепті бір бірімен үйлесім тауып отырғаны көңіл қуантады.
Ғани Құсайынов, ЖОО студенті:
Мен осы «Digital Nauryz» шарасының қатысушысымын. Бүгін көрсету үшін жасанды интеллект қосылған роботымды алып келдім. Бүгін көптеген роботтарды көрдім, соларға қатысты болашақта технологияларды пайдаланып, жасанды интеллектіні пайдаланып қазақи ойындарды жасауға ниеттендім.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Наурызнама: Бүгін — Ынтымақ күні
21.03.2026, 20:48
Нұра ауданының тұрғындары Наурыз мерекесін тойлады
21.03.2026, 20:45
Қаз шаруашылығын дамытуға арналған фестиваль өтті
21.03.2026, 20:09
Шетелдегі қазақтар Наурыз мейрамын тойлатты
21.03.2026, 20:09
300 сырмақ топтамасы ұсынылды
21.03.2026, 20:08
Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті
21.03.2026, 20:07
Елшілер мен халықаралық ұйым өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
21.03.2026, 20:05
Түркістанда 5 күнге созылған көкпардан Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті
21.03.2026, 20:05