Наурызнама аясында 200-ден аса ауқымды шара өтеді
Алматыда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі сән салтанатымен тойланып жатыр. Алып шаһар мерекелік көңіл күйге бөленіп, думан мен шаттық лебі сезіледі. Мегаполисте Наурызнама аясында 200-ден аса шара жоспарланған. Мерекенің ортасынан әріптесім Айдана Қуантхан тарқатады.
Таң сәріден қаланың әр нүктесінде ауқымды шаралар ұйымдастырылған. Жиналған халықты роботтар билеп қарсы алып жатыр.
Айдана Қуантхан, Тілші:
Робо-киіз үйдегі қызығушылық тудырған құрылғылардың қатарында – электр энергиясы панельдері бар. Жоба ток көздерінің жұмысын бақылап, энергияны ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Нұрила Дәулет, Оқушы:
Ал ипподромда түйемен жамбы ату, ат үстінде тік тұру спооты бойынша екі бірдей әлемдік рекордтың куәсі болдық. Тәжірибелі шабандоздың бірі – Ернарды жеңісімен құттықтаймын.
Ернар Жасұзақ, Шабандоз:
Көңіл-күй тамаша, қанша уақыттан бері дайындалған еңбек ақталды. Мына шапанның етегіндегі маңдай термен, айттың жалынындағы тер ақталды десек болады. Осы рекордтың орнауына тікелей Топжарған командама алғыс білдіремін.
Айдана Қуантхан, Тілші:
Алып шаһарда өткен Наурыз мерекесінде ұлттық дәстүр мен заманауи технология үйлесім тапты. Мереке алдағы күндері де жалғаса бермек.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04
Өкпе обыры скринингке енеді
21.10.2026, 13:02
Шығыста қар жауып, жолдар жабылды
21.10.2026, 13:00