Парламент палаталарының спикерлері «Этноауыл» көрмесін тамашалады
Ал Астанада «Этноауыл» көрмесі ашылды. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев пен Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Парламент палаталарының спикерлері Наурыз мерекесінің елді жаңғыртудың жаңа кезеңімен тұспа-тұс келуінің мәні зор екенін атап өтіп, жиналғандарды мерекемен құттықтады. Айта кетсек, этноауылда елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұзындығы 12 метрлік туннель орнатылған. Мұнда келушілерге тарихты, қолөнер мен салт-дәстүрді таныстыратын тақырыптық экспозициялар ұсынылған. Бұдан бөлек, футбол, садақ ату және асық ату ойындарының жасанды интеллект негізінде жасалған цифрлық нұсқасы бар. Этноауыл 24-наурызға дейін жұмыс істейді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04