Басты Жаңалықтар Елшілер қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Елшілер қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Румыния және Палестина елдерінің еліміздегі елшілері қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады. Румыния елшісі өз сөзінде Румыния елінде де көктемнің келуін білдіретін «Мэрцишор» дәстүрі бар екенін жеткізді. Бұл дәстүр адамдарға ақ тілек арнап, жаңа кезеңді жақсылықпен бастау идеясымен Наурыз мейрамына ұқсас келеді. Ал Палестина елшісі көктем мезгілінің бұл елде де ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Иерусалим қаласы әлемдегі ең көне әрі қасиетті қалалардың бірі ретінде белгілі. Палестина жері зәйтүн ағаштарымен танымал, ал зәйтүн бұтағы бейбітшілік пен үміттің нышаны саналады.

Мэдэлина Лупу, Қазақстандағы Румыния Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі:

Румыния Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің атынан қазақ халқына  ізгі тілектерімізді жолдаймыз. Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа бақыт, береке, ырыс әкелсін! 

Монтасер Абу Зейд, Қазақстандағы Палестина мемлекетінің Төтенше және Өкілетті елшісі, Қазақстандағы дипломатиялық корпустың дуайені:

Құрметті бауырлас Қазақстан халқы! Палестина мемлекетінің атынан және мұсылман әлемінің өкілі ретінде Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ халқына бақыт пен денсаулық, береке, бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақтылық тілеймін. Қазақстан мен Палестина арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы қатынастарды одан әрі дамытуға, достықты нығайтуға үлкен ниетіміз бар екенін тағы да атап өткім келеді.


Бөлісу