Түркістан облысында ұлттық қолөнер бұйымдарына сұраныс артты
Наурыз мейрамы қарсаңында он саусағынан өнер тамған шеберлердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы дүниелерге сұраныс артты. Түркістандағы қолөнершілер қалашығындағы шеберлер тері мен темірден, жүн мен киізден керамикадан жасалған бұйымдарға қызыққандар көп екенін айтады. Қазір өңірде 130-дан астам шебер бар. Ісмерлердің қолынан шыққан ерекше дүниелерді әріптесім Айнұр Әбілқасымқызы да тамашалап қайтты.
Ертұрман жасайтын Жанболат Сүйінбайды атқұмар қазақтың бәрі біледі. Оның ат әбзелдері көршілес елдерде де сұранысқа ие. Бағасына қарамай алып жататындар бар. Шебер былғарыдан да ұлттық нақыштағы бұйымдар жасайды. Қазір кәдесый ретінде тайқазанды қыштан құйып жатыр.
Жанболат Сүйінбай, шебер:
Сапасы мықты болса, әдемі, керемет болса, сұраныс өте үлкен. Біз енді бұрыннан келе жатқаннан кейін сапаға жұмыс істейміз. Әкем бала кезімізден бізге сапасы жақсы болуға үйреткен. Қарапайым тайқазандар үлкен сұранысқа ие. Солардың өзі Өзбекстаннан, Қытайдан келетін. Биылдан бастап біз өзіміз дамытып, тайқазандарды шығарып жатырмыз.Ал Мереке Айдарша кілем тоқуды бала кезінен үйренген. "Ол кезде ауылдағы әрбір екінші үйде кілем тоқылып жататын" дейді қолөнерші. Кейін сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мамандығын бітірген соң, бұл кәсіппен шындап айналысқан. Кілем тоқудан бөлек, киіз басып, сырмақ тігеді.
Мереке Айдарша, кілем тоқушы:
Қазір мынау тоқып жатқан кілем - Араб кілемі деп аталады. Тақыр кілем деп те айтылады. Сапасына қатты мән беремін. Өйткені технология дамыды қазір, сұраныс жақсы. Сатып алушылар да табиғилығына, технологиясына мән беріп, алады. Таза қойдың жүнінен иіріп, табиғи бояумен боялып жасалған. Кейде арасында жұмыстарым болып қалады, қадалып отыратын болсам, 2 айда бітіруге болады.Мереке шәкірт тәрбилейді. Ұлттық өнерді жастардың бойына сіңіріп жүр. Қазір олар ши тоқуды үйренуде.
Аружан Әбілаева, студент:
Осы ши тоқуда бірінші ақ параққа композитциямызды саламыз. Суретімізді салып біткен соң шиімізді дайындаймыз. Суретіміздің оюына жүндерді бояп, осылай ши тоқимыз.Шеберлерге Қолөнершілер қалашығынан арнайы орындар берілген. Қазір мұнда 20-дан астам темірден түйін түйген шебер мен зергер, ағаштан ою өрген ұсталар ұлттық өнерімізді ұлықтап, оны көпшілікке танытуға күш салуда. Бастысы қалаға келетін туристер мен қонақтарға ұлтымыздың бай мәдени мұрасы мен тарихын танытып, салт-дәстүрін насихаттап жүр.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұшақта толғатқан әйелге дәрігер алғашқы көмек көрсетті
20.03.2026, 17:39
Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді
20.03.2026, 17:38
Алматы облысында «Таза Қазақстан» эко науқаны ұйымдастырылды
20.03.2026, 17:37
О.Бектенов: Аралдың айналасын көгалдандыру жалғасады
20.03.2026, 17:35
Е.Қарин: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 17:32
Наурызнама: Береке мен жаңарудың бастауы
20.03.2026, 17:30
Мәскеуде Наурыз мерекесін атап өтті
20.03.2026, 17:27
Венесуэла және Латвия елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады
20.03.2026, 17:24