Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді
22-24 сәуір аралығында Астанада Өңірлік экологиялық саммит өтеді. Бұл жиын Орталық Азия елдерін климаттың өзгеруі мен экология саласындағы өзекті мәселелер бойынша біріктіреді. Өңірлердегі су тапшылығы мәселесі ерекше маңызға ие. Сол себепті осы бағытта су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға арналған білім беру жобалары іске аса бастады. Мәселен Қызылорда облысында дәл осындай жобаға 67 мыңнан астам оқушы атсалысып жатыр. Жоба қатысушылары Арал теңізіндегі су ресурстарын зерттейді. Бұл пилоттық бастаманы Қазақстан мен Өзбекстанның балалары мен жастары бірлесе атқарады. Сондай-ақ жобаға 55 мектептің 800-ден астам педагогі де қатысады.
Ермахан Полат, Су
ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы ақпараттық талдау орталығының
жоба жетекшісі:
Су ресурстарын тиімді басқару, оның ішінде су және білім жобасының маңызы ерекше. Су және білім жобасының мақсаты – жастар арасында және балалар арасында суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Мектеп қабырғасында су клубтары бой көтерді. Сол су клубтарының атқаратын жұмыстары – олар төменгі сынып оқушыларына осы суды қалай үнемдеу керек екенін насихаттайды.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05