Наурызнама: Ақтөбеде «Robot көкпар» өткізілді
Ақтөбеде Ұлттық спорт күніне орай ұлттық спорт түрлерінен тартысты, қызықты сайыстар өтіп жатыр. Ерекше бәсекенің бірі роботтар арасында өтті.
«Robot көкпар» деп аталған жарысқа мектеп оқушыларынан құралған 6 топ қатысты. Олар ұлттық ойын элементтерін заманауи технологиямен ұштастырған. Ереже бойынша, роботтар «серкені» алып, оны өз аймағына жеткізуі тиіс. Жарыс бірнеше раундтан тұрады. Әр кезеңде командалардың жылдамдығы мен дәлдігі және стратегиясы бағаланды. Ұйымдастырушылар ұлттық ойындарды цифрлық форматта жаңғырту арқылы дәстүр мен технология үйлесімін көрсетуге тырыстық дейді.
Мұхамедәли Самбай, жарысқа қатысушы:
Сумо жарысына қатыстым. Ол сумо жарысында біз үшінші орын алдық. Сумо да өте қызық,көкпар сияқты. Бірақ ол жақта басты мақсат – қарсыласты итеріп тастау. Көкпарда басты мақсат – өз зонаңа әкелу. Ол жақта итеріп тастауға, құлатуға, сындырып тастауға болады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16