Таразда 5 мың адам ұлттық спортпен айналысады
Таразда 5 мың адам тұрақты түрде ұлттық спортпен айналысуға ден қойған. Олардың қатарында жастармен бірге қариялар да бар.
Бүгінгі «Ұлттық спорт күнінде» қалада 50-ге жуық жарыс өтті. Белсенді ұзақ өмір орталығында ардагерлер арасында спорттың 6 түрінен өткен жарыс тартысқа толы болды. 100-ден аса қария ләңгі теуіп, асық атудан жастардан кем түспейтінін көрсетті. Үстел теннисі, шахмат пен тоғызқұмалақта да кім мықтыны анықтады.
Асан Үсенбайұлы, еңбек ардагері:
Бұл Тоғызқұмалақ арқылы адам екі жағын дамытады. Әсіресе жасы келген кісілердің ойлау қабілеті дұрыс болу үшін оның пайдасы өте зор. Сондықтан да біз өзіміз осыны үйрене жүріп қызығушылық болды. Қазір немерелерімізге үйретеміз. Себебі бұл келешек жастарға көп пайдасы бар.
Дәл осындай спорт түрлерінен оқушылар арасындағы қалалық турнир Құмшағал тұрғын алабында жалғасты. Ал «Тараз-Арена» спорт кешенінде ұлттық спорттың 7 түрінен жарыс өтті. Спартакиадаға 14-пен 35 жас аралығындағы тұрғындардың 10 командасы қатысты. Олар арқан тарту, гір тасын көтеру, садақ ату бойынша сынға түсті. Айта кетейік, бүгінде өңір бойынша 500 мың адам спортпен айналысады.
Мақсат Нареш, «Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу» орталығының басшысы:
Бүгінгі таңда ұлттық спорт түрлеріне басымдылық жоғары. Ұлттық спорт түрлерінен қазір қалалық біріншіліктер өтуде, республикалық облыстық біріншіліктер өтуде. Бүгінде қала тұрғындарының 45,3 пайызы тұрақты түрде спортпен шұғылданады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы