Наурызнама: Түркістанда тарихи нәтиже тіркелді
Наурызнаманың онкүндігі аясындағы «Ұлттық спорт» күні Түркістанда тарихи нәтиже тіркелді. Бір мезетте мыңнан астам бала асық ойнап, Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабына енді. «Түркістан арена» стадионында өткен бұл іс-шара ұлттық ойындарды дәріптеуге бағытталды. Көне ұлттық ойынды жаңғырту мақсатындағы игі шараға өңірдің барлық аудан-қалаларынан жеткіншектер қатысты. Шара барысында Қазақстанның «КИнЭС» рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков арнайы сертификатты табыстап, тарихи жетістікті ресми түрде растады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған бұл бастама эстафета ретінде Шымкент қаласына жолданды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, облыста асық ойыны бүгінде аймақтағы барлық дерлік мектептерде үйірме ретінде ашылған. Балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы күннен күнге артып отыр.
Эльмира Жанғазиева, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы:
Асық ойнау бала кезден балаларды бірлікке, татулыққа бірі бірін дос болуға шақырады. Балаларды бір уақытта жалпы ойнап үйрету,асық ойынына шақыру, жас ұрпақты. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру. Сол мақсатта біз осы шараны ұйымдастырып отырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы