Басты Жаңалықтар Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды

Алатау қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды

2050 жылға дейін Алатау қаласының инфрақұрылымын дамытуға 10 трлн теңге қажет. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды. Жиында шаһарға ерекше мәртебе беру туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды. Алатау сити – озық технологияға негізделген мегажоба. Мұнда Smart City жүйелері енгізіліп, көлік қозғалысынан бастап коммуналдық қызметке дейін цифрлық форматта болады. Депутаттардың айтуынша, бұл жобаның да экономикалық маңызы зор. Өйткені инвестор тартып, туристердің санын арттырады.

Серік Шайдаров, Сенат депутаты:

Біздің мемлекеттік бюджеттің қаражаты инфрақұрылымды дамытуға жұмсалатын болады. Ал қаланың бюджеті ол инвестиция есебінен біздің экономиканы дамытуға жұмсалатын болады.

Жаңа қалаға қатысты стратегиялық шешімдерді арнайы кеңес қабылдайды. Ал күнделікті жұмысты жеке атқарушы орган жүргізеді. Сондай-ақ салықтық жеңілдіктер мен бизнес жүргізу шарттары жеңілдетіледі. Мұндай тәжірибе әлем елдерінде бұрыннан бар.  Заң жобасын дайындау кезінде Қытайдағы Шэньчжэнь мен Хайнань, қарыштап дамыған Сингапур мен Дубай тәжірибесі зерттелген.

Әлібек Нәутиев, Сенат депутаты:
Бұл қазір сынақ алаңы ретінде басталып жатыр. Себебі бірден мұндай ауқымды жұмысты бірден бастауға болмайды. Сондықтан өте орынды деп есептеймін. Қаланың басқарудың өзі бұрйынғы емес, қазіргі модуль негізінде жазылады.


Бөлісу