«Орловская» шахтасында жұмысшы қаза тапты
Абай облысы Бородулиха ауданындағы «Орловская» шахтасында жұмысшы қаза тапты. Анықталғандай, шахтада жүргізілген жарылыстан кейін онда көмір қышқылы газының мөлшері күрт артқан. Салдарынан жоспарлы жұмысты істеу үшін шахтаға түскен екі жұмысшы ес-түссіз құлаған. Оларға көмек көрсету кезінде учаске бастығы да газдан уланған. Барлық зардап шеккендер жер бетіне шығарылған. Өкінішке қарай, бір жұмысшы мерт болды. Екі адам ауруханаға жеткізілген. Қазір қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша тексеріс басталып, қылмыстық іс қозғалды. Жауапты компания қаза тапқан жұмысшының отбасына көмек беретінін мәлімдеді.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17