Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының кеңесіне қосылуы мүмкін
Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының кеңесіне қосылуы мүмкін. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Жаңа рейстерді ашу, ұшу қауіпсіз бе, жоқ па – мұның бәрін Халықаралық авиация ұйымы арнайы сараптама жүргізіп, шешім қабылдайды. Оның әлемдегі ең беделді құрылым ретінде саналатыны да содан. Егер авиакомпания талапқа сай келмейді деп танылып, қара тізімге кірсе, жұмысын тоқтатады. Ал Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігіне ұйымның жоғары баға бергені белгілі. Сондықтан еліміз кеңеске кедергісіз қабылдануы мүмкін. Өз кезегінде бұл жаңа рейтердің ашылуына, отандық авиация саласының жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді, дейді вице-министр.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік вице-министрі:
Бұл кеңеске авиация саласында ең үздік елдер ғана мүше бола алады. Ал біздің ел ұшу қауіпсіздігі жағынан алдыңғы қатарда. Егер ұйымға қабылдансақ, Халықаралық авиация стандарттартын жасақтап, бекітуге қатысу мүмкіндігіне ие боламыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12