Депутат: Алаяқтар мүгедектігі бар жандарды алдауға кірісті
Алаяқтар мүгедектігі бар жандарды алдауға кірісті. Сенатор Бибігүл Жексенбай осылай деп депутаттық сауал жолдады. Депутатқа зағип ерлі-зайыпты көмек сұрап келген. Отбасы үй алмақшы болып алғашқы жарна ретінде 1 миллион теңге салған. Алайда соңында құрылыс компаниясының өкілдері қаражатты алып қашып кеткен. «Енді үй де, ақша да жоқ. Бірақ отбасы несиені төлеуге мәжбүр», - дейді депутат. Сенатор алданған ерлі-зайыптының сот орындаушыға жүгіне алмайтынын, банкке де ойындағысын жеткізе алмай отырғанын айтты. Өйткені мүгедектігі бар жандарға қызмет көрсету жайы қарастырылмаған.
Бибігүл Жексенбай, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Қорғауға мұқтаж адамдар жүйеден тыс қалып жатыр. Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарға арналған өзара іс-қимыл мен көмектесетін балама арналармен қоса мемлекеттік және цифрлық сервистердің қолжетімділігін қамтамасыз ету керек. Сондай-ақ сот актілерін орындамағаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы мәселені қарауды сұраймыз.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12