ТҮКШ саласына «Smart turmys» платформасы іске қосылады
Енді тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында «Smart Turmys» платформасы іске қосылады. Саладағы цифрландыру жұмыстары жайлы бүгін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның Қоғамдық кеңес отырысында айтылды. Технологиялық жаңғырту турасында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова баяндама жасап, жаңа тәсілді таныстырды. Жүйе энергияны жылу электр орталықтарында өндіруден бастап, оны желілер арқылы жеткізу және тұтынуға дейінгі толық циклді қамтиды. Жасанды интеллектке негізделген талдау жүйесі нақты уақыт режимінде өндірілген және төленген ресурстар көлемін салыстырып, жасырын ақауларды анықтауға, сондай-ақ нормативтен тыс шығындарды тіркеуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек жиында инфрақұрылымды жаңарту жұмыстарының атқарылу барысы мен алдағы жоспарлар талқыланды.
Дүйсенбай Тұрғанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Биылдан бастап, осы ұлттық жобаның ішіндегі бір жоба ол мына электр, су және жылу есептегіштерін орнату мәселесі. 600 млрд-тай жалпы мына жобаларға бөлініп отыр. Бірақ тек биылдыққа емес. 3 жылдық мерзімге.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы