Еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілді
Сенат еңбек заңнамасын жетілдіру жөнінде заң жобасына өзгеріс енгізу туралы құжатты мақұлдады. Жұмысқа алу тәртібіне қатысты нормалар нақтыланды. Мәселен, бұдан былай тек азаматтық-құқықтық шарт жасасып жұмысқа алуға рұқсат етілмейді. Міндетті түрде жұмыс беруші мен жұмыскер арасында еңбек шарт жасалуы керек.
Руслан Рүстемов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Көп жағдайда жұмыс беруші міндетінен жалтару үшін, нақты еңбекақы көлемін белгілеуден және әлеуметтік қолдаудан бас тартып жатады. Осы норма осы олқылықты жою үшін ұсынылып отыр.
Сондай-ақ жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынады. Жұмыс беруші жалғызбасты аналарды жұмыстан шығара алмайды деген норма бұрыннан бар. Бірақ енді «аналар» сөзі «ата-аналар» деп ауыстырылды. Яғни 14 жасқа дейінгі ұл-қызын жалғыз тәрбиелеп отырған аналардың ғана емес, әкелердің де құқығы қорғалады.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12