Қарағанды мен Оралда «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 8 ірі кәсіпорын өндірістік қалдықтарды нақты уақыт режимінде бақылайтын жүйеге көшті. Солардың бірі №1 Жылу Электр Орталығы. Мұнда автоматты мониторинг жүйесі 2024 жылдан бері қолданылып келеді. Құрылғы арқылы экологиялық қауіпсіздікті арттырып, ашықтықты қамтамасыз етуге болады. Елімізде бұл жүйе 87 нысанда орнатылған.
Асқар Мұқаш, электр цехы бастығының орынбасары:
Қарағандыда ЖЭО эмиссияны күнделікті әр бір секунд сайын өлшеп отырады. Осы жүйе арқылы күнделікті әр секунд сайын қандай откланение бар, қандай выброс бар, жаман жақсы біліп отырамыз.
Ал Оралда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мемлекеттік орган мен мердігер ұйым өкілдері жастармен кездесті. «Таза Қазақстан» – бірлік пен жауапкершілік» атты ашық диалог алаңында суды үнемдеу, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану, экологиялық талаптарды сақтау мәселелері талқыланды. Жастарға «Таза Қазақстан» акциясының идеологиялық мақсаты түсіндірілді. Былтыр белсенді жастар 938 сенбілікке қатысқан. Студенттер мен оқушылар арасында 150-ге жуық түсіндірме шарасы ұйымдастырылған.
Нұрсұлтан Сәрсенбаев, облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы басшысының орынбасары:
«Таза Қазақстан» деген тек қана көшені жинап қою емес, бұл – идеология. Оны біз дұрыс түсіне білуіміз керек деген бағытта түсінік жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда өңірдегі жастар «Таза Қазақстан» тұжырымдасы аясында өте белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Түрлі жобалар да жарық көрді. Жетістікке де жетіп жатыр.
Жандос Бақытұлы,
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы