Иран мен Үндістан елшілері наурызбен құттықтады
Иран мен Үндістан елшілері қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, ақжарма тілегін жолдады. Дипломаттар Ұлыстың Ұлы күні Әз Наурыз мейрамын жаңару мен мейірімнің, адамгершілік пен татулықтың белгісі деп атады. Қазақстандағы жаңа Конституциялық реформаларды маңызды кезең ретінде бағалап, елдің тұрақты даму мен өсім жолында ілгерілей беретініне сенім білдірді.
Әли Акбар Джоаукар, Қазақстандағы Иран Ислам Республикасының төтенше және
өкілетті елшісі:
Құрметті Қазақстан халқы, Сіздерді ежелгі әрі Ұлы мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Иран мадениетінде Наурыз тек маусымдык мереке емес. Ол тарихи болмыстың, жаңару мен жаңа бастамалардың терең символы. Иран мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымактастық, бейбітшілік пен тұрақтылық одан әрі нығая түседі деп сенеміз. Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, амандык жене табыс тілеймін. Наурыз Құтты болсын!
Сайлас Тангал, Қазақстандағы Үндістан Республикасының төтенше және өкілетті
елшісі:
Үндістан Үкіметі мен халқының атынан барша Қазақстандықтарды Әз Наурыз мейрамымен құттықтаймын. Бақыт, береке, өркендеу тілеймін.Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан азаматтарын Жаңа Конституциялық өзгерістер жөніндегі жалпыұлттық референдумның сәтті өтуімен құттықтағым келеді. Бұл елдің одан әрі дамуы мен ілгерілеуіндегі маңызды кезең. Үндістан мен Қазақстанды берік әріптестік қатынастар біріктіреді. Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенімізді білдіреміз.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астаналық ұстаздар «Таза бейсенбі» дәрісін тыңдады
19.03.2026, 17:38
Қарағанды мен Оралда «Таза Қазақстан» акциясы өткізілді
19.03.2026, 17:37
Қызылордада 400 отбасы баспаналы болды
19.03.2026, 17:35
Ақтөбеде инновациялық стартап жобалар таныстырылды
19.03.2026, 17:30
Атырау облысына биыл 29 мың түп тал егеді
19.03.2026, 17:27
Маңғыстау облыстық прокуратурасы «Алаңсыз үй» жобасын іске қосты
19.03.2026, 17:25
Депутат: Скринингке қатысты норма орындалмай жатыр
19.03.2026, 17:22
Көктемде 21 мыңнан аса азамат әскерге алынады
19.03.2026, 17:20