Басты Жаңалықтар Ақтөбеде инновациялық стартап жобалар таныстырылды

Ақтөбеде инновациялық стартап жобалар таныстырылды

«Жаңару күнінде» Ақтөбеде инновациялық стартап жобалар таныстырылды. Көрмеге қатысқан он алты топтың әрқайсысы адам денсаулығын жақсартуға бағытталған озық идеяларын ұсынды. Ал, шаһардың орталық алаңына смарт киіз үйлер тігіліп, тұрғындарға IT саласының соңғы жетістіктері көрсетілді.
Айбек Сейтжанов тобымен бірге адам денсаулығын бақылауға арналған мобильді қосымша құрастырды. Қазір соңғы бағдарламалау жұмыстары жүріп жатыр. Ол толық жүзеге асқан жағдайда, дәрігерлердің де жұмысы жеңілдейді. Яғни кез-келген тұрғынның, әсересе қарт кісілердің жағдайын алыстан бақылап отыруға болады.
Айбек Сейтжанов, жоба авторы:
Жүрек соғысы қатты болса, давление жоғары не төмен болса, бізге пуш уводемление келеді, сосын дәрігерге де келеді. Сосын тезірек көмекке келуге болады. Біз көбіне кәрі адамдарға істедік, өздеріне дұрыс қарай алмайтын. Біз көп адамдарға көмектесеміз деп ойлаймыз.
Көрмеге қатысушылар өздері ұсынған стартап жобалардың бағдарламалау жүйесін, дизайнын және қолдану мүмкіндігін толық зерттеген. Дарынды студенттердің жұмысын Шотландиялық «Херриот Уатт» университетінің профессорлары жоғары бағалады.
Мұхаммед Зубайр, Heriot-Watt университетінің профессоры:
Денсаулыққа бейжай қарауға болмайды. Сондықтан бұл қосымшаларды болашақта көп адам қолданады деп сенемін. Әрі студенттердің жобаларына шет елдердегі әріптестеріміз де қызығушылық білдіріп отыр. Біз бүгін ең үздіктерін анықтап, бағыт-бағдар бердік.
Ал шаһардың орталық алаңынды цифрландыру жылына орай тігілген заманауи киіз үйдің таныстырылымы өтті. Оның іші түгелдей интерактивті экрандармен безендірілген. Келушілер VR-көзілдірік арқылы өңірдің тарихи жерлеріне онлайн саяхат жасай алады. Сондай-ақ гуманоид роботтар көрсетілді.
Гүлдана Ысқақова, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бөлім басшысы:
Жабдықталған лэд экрандарда біздің көрсеткіміз келгені бұрынғы заманнан қазіргі заманға келе жатқан цифрлық трансформация. Цифрлық трансформациялар көрсетілген видеолар әзірленген болатын жасанды инттелекттінің көмегімен.Одан бөлек Ақтөбе облысының киелі жерлері көрсетіледі. Ақтөбе облысы туралы анимациялық мультиктер көрсетіледі.
Ерекше жобаның бірін жоғары политехникалық колледжінің ұжымы ұсынды. Ақпараттық технологиялар мамандығында оқитын студенттер шахмат ойнауға арналған қытайлық роботты жасанды интеллект қолдану арқылы жетілдірген. Бағдарламалау тілін де қазақшаға аударып жатыр.

Бөлісу