Маңғыстау облыстық прокуратурасы «Алаңсыз үй» жобасын іске қосты
Маңғыстауда облыстық прокуратураның бастамасымен «Алаңсыз үй» жобасы іске қосылды. Оның аясында тұрғындарға заңдағы өзгерістер мен жаңа механизмдер түсіндіріледі. Осы мақсатта ата-аналарға «Зорлық-зомбылықсыз отбасы – бақытты қоғам негізі» атты тренинг өтті.
Тренингке жүзге жуық әйел қатысты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңдағы өзгерістерді таныстырды. Сонымен қатар, сталкингке немесе отбасындағы қысымға тап болған аналар мен балаларға арналған қорғану тетіктері түсіндірілді.
Сәкен Самет, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары:
Бірқатар отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы құқық бұзушылықтар әкімшілік құқық бұзушылық кодекстен қылмыстық кодекске өткізілді. Оны да түсіндіріп айту. Екіншіден сталкингпен әйелдерді тұрмысқа мәжбүрлеу мақсатында ұрлау. Әйел азаматтардың артынан собщение жазып, қайта-қайта аңду, звондау ол да қылмыстың түрлеріне жатқызылғанын жеткізіп айтуымыз керекпіз.
Өткен жылы аймақта тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар саны 2024 жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмендеген. Дегенмен, шағымданатындар әлі де бар. Сондықтан отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру өзекті болып отыр.
Ақбөбек Қалбайқызы, Ақтау тұрғыны:
Бұл тренингтен түйгенім бүгінгі болып жатқан өмірдегі отбасы құндылықтары, отбасында болып жатқан зорлық-зомбылықтар, жастар жөніндегі үлкен тәрбиелердің барлығы тал бесіктен басталатындығын айтқым келеді. Себебі, тал бесіктен көрген тәрбие жер бесікке дейін балдардың жадындынан ұмытылмау керек. Сондай тәрбие беру ата-ананың басты борышы.
Шара қорытындысында қатысушыларға психологиялық және құқықтық кеңестер беріліп, отбасын берік ұстаудың жолдары айтылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы