Екібастұз моноқала санатынан шықты
Павлодар өңіріндегі Екібастұз моноқала санатынан шықты. Себебі экономикалық-әлеуметтік дамуы қарқын алды. Мәселен 2025 жылы өнеркәсіп өндірісі 1,6 трлн теңгеге жетті! Бұл Павлодар облысы көрсеткішінің 40,1% . Инвестиция көлемі бірден екі есеге өсті. Жоспардағы 737 млрд. теңгенің орнына 1,5 трлн.теңге құйылды. Металлургия кластері бойынша екі ферроқорытпа зауыты іске қосылды. Үшіншісі биылғы жылдың аяғында пайдалануға беріледі. Сол кезде жылдық өнімділік 460 мың тоннаға жетіп, Қазақстан феросилиций өндірісі бойынша әлемде 2-ші орынға табан тірейді деп күтілуде. Энергетиканың отаны саналатын өңірде МАЭС-3 стансасын салу жоспарланып отыр. Ал МАЭС-1, МАЭС-2 , АҚСУ МАЭС-те қосымша энергоблоктар іске қосылып, балама энергия өндіру кешендері салынбақ. Бес жылдан соң электр қуатын өндіру 14,1 Мегаватқа жетеді. Қазір көлемі 8.5 мың мегават. Шаһарды моноқала тізімінен алып тастау 78 негізгі көрсеткіш бойынша жасалды.
Жәнібек Шәйдікерім, ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары:
Оның ішінде өнеркәсіп өндірісінің динамикасы, инвестициялық белсенділік, кәсіпкерліктің дамуы және жұмыспен қамту сияқты бағыттар қамтылды. Талдау нәтижесі көрсеткендей соңғы жылдары Екібастұз қаласының экономикасы айтарлықтай әртараптанып келеді. Қала бұрынғыдай бір ғана салаға тәуелді болмай, бірнеше бағытта дамып жатыр. Бұл шешім қала экономикасы жаңа денгейге шыққанын көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы