Өскеменде Ұлттық киім шеруі өтті
«Біз – біртұтас Қазақстан халқы». Осындай ұранмен Өскеменде Ұлттық киім шеруі өтті. Ұлттық құндылықты насихаттауға бағытталған шараға қолөнер шебері, дизайнер мен өнер ұжымдары қатысты. Ұлыстың ұлы күнін ұлықтауға арналған мереке жалпыхалықтық думан ретінде ұйымдастырылды.
Мерекелік думан жарапазан айтқан шерумен басталды. Ең әдемі ұлттық киім киіп
қолдарына көк байрақ ұстаған қала
тұрғындары мен жастар сауда үйінің ішін ән мен жырға бөледі.
Ұлттық киім шеруі байқау ретінде өтті.
Оған қатысқандар «Ең үздік ұлттық образ»,«Ең дәстүрлі образ», «Ең
креативті образ», «Отбасылық образ» және «Ең үздік балалар костюмі» аталымы
бойынша бағаланды. Ал дизайнерлер өздері тіккен соңғы үлгідегі киімдерін
ұсынды.
Ғайша Бейсенова, дизайнер:
Былғары, тастардан, сырғалардан әдемі сәукеле келістіріп істедім. Үнемі жаңа модельді ойлап шығарамын. Облыстық тарихи-өлкетану музейі зергерлік бұйымдардан көрме жайды. Күміспен күптеліп, асыл тастармен безендірілген тарақ,алқа мен жүзік сырғаның сан түрі қойылды.
Алмат Ақышов, қала әкімі:
Бұл тек қана он күндік тұжырымдама наурызнаманың басы деп білейік. Оның соңы 22 наурызға дейін түрлі-түрлі іс-шарамен жалғасады. Енді 22-сі күні орталық алаңда Шығыс Қазақстан облысында бірінші рет Гинестің рекордтар кітабына енеміз деп отырмыз. Наурыздың 22-сі күні 3 мың адам атақты «Ақбұлақ» әнінінің әуенін орындамақ. Қазір жаппай домбыра шертуге соңғы дайындық пысықталып жатыр.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04