Басты Жаңалықтар Ресей және Беларусь елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады

Ресей және Беларусь елшілері Наурыз мейрамымен құттықтады

Ресей және Беларусь елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Дипломаттар жылы лебізін білдіріп, бұл жолғы мейрамның ел өміріндегі маңызды саяси өзгерістермен тұспа-тұс келіп отырғанын жеткізді. Жаңа Конституцияның қабылдануымен Қазақстанның мемлекеттік негіздері жаңарып жатқанын атап өтті. Ресей және Беларусь елшілері – бұл тарихи кезеңді елдің заманауи даму жолындағы маңызды белес ретінде бағалады.

Алексей Бородавкин, Қазақстандағы Ресей Федерациясының төтенше және өкілетті елшісі:
Құрметті достар, қадірлі қазақстандықтар, сіздерді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл бұл мейрам ерекше жағдайда өтуде. Жаңа Конституция қабылданды. Референдумның сәтті өтуі Қазақстанды одан әрі дамытуда және елдің саяси-құқықтық жүйесін жетілдіруде маңызды кезең болды. Реформаның табысты орындалатынына сенім мол. Қадірлі қазақстандықтар, сіздерді тағы да Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Әр шаңырақта махаббат пен бақыт, береке мен мықты денсаулық орнасын. Баршаңызға игілік тілеймін!
Алексей Богданов, Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі:
Құрметті достар, қазақстандықтар! Беларусь халқының атынан сіздерді көктемнің жарқын мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз табиғат жаңаруымен қатар, қоғамдағы бірлік, тұрақтылық, келісім мен  құндылықтарды жаңғыртатын, дәріптейтін ерекше мән-мағынаға толы. Әр шаңыраққа жылулық пен қуаныш орнасын, бейбітшілік пен тұрақты даму болсын!


Бөлісу