Мемлекет есебінен 3,6 миллион адам ақысыз дәрі-дәрмек алады
Елімізде былтыр 3,6 миллион адам мемлекет есебінен ақысыз дәрі-дәрмекпен қамтылған. Игі бағдарлама денсаулық сақтау саласының «әлеуметтік әмиан» жобасы аясында тиімді жүзеге асып келеді. Бұл дәрігердің ұдайы бақылауындағы азаматтардың ауруын асқындырмай, уақытылы ем-дом алуы үшін өте тиімді дейді тұрғындар. Ең бастысы күнделікті пайдаланатын дәрі-дәрмек тегін беріледі.
Қалдыбек Сүлейменов, Қызылорда тұрғыны:
Тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғынның біреуі менмін. Былайынша есептеген кезде зейнеткерміз ғой енді. Осыны өз қалтамызға алсақ, жарты пенсиямыз кетер еді, мысалы. Ол мемлекеттің тарапынан жасалып жатқан үлкен көмек.
Бүгінде облыс бойынша 115 мың адам түрлі ауру-сырқаумен мамандардың есебінде тұр. Жыл басынан бері аймақта 113 мың антибиотик үлестірілген. Бұрын науқастар тегін дәрі-дәрмекті алу үшін кабинет жағалап, біраз құжат жинап әбігерге түсетін. Ал қазір салаға цифрлық жүйе енгізіліп, eGov платформасы арқылы барлығы қолжетімді.
Жаңыл Әбубәкірова, облыстық ДСБ басшысының орынбасары:
Биылғы жыл көлемінде 9 млрд қаражат қаралған. 2 айда игерілуі 3,6 млрд болып тұр. Cирек кездесетін орфандо ауруларға жергілікті бюджет есебінен мәслихаттың шешімімен дәрі-дәрмек алып береміз. Оның ішінде медициналық бұйымдар бар. Оның өзіне биылғы жылы 2,3 млрд бөлініп тұр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы