Жамбылдық әжелер балабақша бүлдіршіндеріне ертегі оқып жүр
Әулиеата өңірінің әжелері әз-Наурыздың қарсаңында балабақша аралап, балаларға ертегі оқып жүр. Ұлттық киім киген ақ жаулықты қарияларымыз ауыз әдебиетіміздегі аңыздарды айтып, бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытуға ден қойған.
Ал балақайлардың қабылдауы қиын сөздердің мағынасын жеңіл тілмен түсіндіріп, кей ертегілерді кейіпкер бейнесінде сомдайды. Өйткені шытырман ертегілерге шығармашылық әсер беру арқылы балаларды қызықтырып, қиялына қанат бітіреміз дейді. Әжелер 3 жылдан бері өңірдегі бөбекжайларға аптасына 2 рет барып жүргендерін айтады. Мәселен, былтыр мектепке дейінгі мекемелерде 62 сағат ертегі оқыған.
Жанат Сарыбекова, Тараз қаласының тұрғыны:
Әжелеріміздің ертегі айтуы деген не бұл? Бұл бізден қалып кеткен атам заманнан келе жатқан біздің ата-бабаларымыздың, дәстүріміздің жалғастығын бері қарай жалғастырып келе жатырмыз ғой. Осыны ұмытпай, ертегі айтуға жол тарттық. Кезекке тұрып, әркім өзінің жақын жердегі балабақшаларға барып тұрамыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16