Польша және Ватикан елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады
Польша және Ватикан елшілері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Дипломаттар тілектерінде мерекенің тек мәдени дәстүр емес, сонымен қатар қоғамдағы бірлік пен саяси тұрақтылықтың символы екенін атап өтті.
Михаил Лабенда, Қазақстандағы Польша елшілігінің сенімді өкілі:
Сәлеметсіздер ме! Менің атым - Михаил Лабенда. Мен Польша елшілігінің өкілімін. Наурыз мерекесі құтты болсын! Жеті қазынамыз әрдайым толық болсын. Төрт түлек сай болсын. Ата-бабаларымыздың ақ батасы бізбен болсын. Ата-аналарымыздың денсаулығы мықты болсын. Дастарханымыз әрдайым мол болсын. Қазанымыз оттан түспей қайнасын. Қыдыр ата шаңырағымызға қонып, ақ молайып, ырыс-дәулет тасысын.
Джордж Панамтундил, Қасиетті тақтың апостолдық нунциосы:
Құрметті, Қазақстан халқы! Наурыз мейрамы құтты болсын. Сіздерге денсаулық, бақыт және бірлік тілеймін. Әрқашан бейбітшілік пен бірлік болсын.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30