Су тасқыны: 700-ден астам елді мекенде қауіп сейілген
Еліміздегі мыңнан астам елді-мекенге су тасқыны қаупі төніп тұр. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі ықтималдығы жоғары 5 аймақта дайындық күшейгенін мәлімдеді. Құтқарушылар мен техника сақадай сай, дейді. Ал су қоймалары тасқын қабылдауға қаншалықты дайын? Синоптиктердің болжамы қандай?
Апат айтып келмейді. Сондықтан, жауапты министрлік су тасқының алдын алу шараларына ден қойып отыр. Айтуларынша, су басу қаупі жоғары 700-ден астам елді-мекенде қауіп сейілген. Дегенмен, 200-ден астам ауылда әлі де қауіп бар. Сондықтан, дайындық күшейтілген. Қажет болған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау жоспары әзір. Ел бойынша 3 мыңнан астам уақытша орналастыру пункті дайын. Олар 1,5 миллионға жуық адамды қабылдай алады.
Серік Жүнісбеков, ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы:
Жалпы саны 39 мыңнан астам адам, 12 мың техника, 4 мыңнан астам су сору және 700 жүзу құралы бар азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдары бекітілді. Сондай-ақ, қосымша резерві те дайын тұр. Қажет болған жағдайда алгоритмге сәйкес, бірнеше мүдделі мемлекеттік органның әуе кемелері мен пойыздарын жұмылдырамыз.
Су қоймалары 15 млрд текше метр су қабылдай алады
Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрінің айтуынша, су қоймалары шамамен 15 миллиард текше метр суды қабылдай алады.
Нұрлан Алдамжаров, ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі:
Солтүстік және орталық өңірлер бойынша су қоймаларының орташа толуы 67 %-ды құрайды. Батыс өңірлер бойынша су қоймаларының орташа толуы 57%-ды құрап отыр. Шығыс өңірлер бойынша су қоймаларының орташа толуы 82 %-ды құрап отыр. Су қоймаларының жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін әр онкүндік негізде тасқын суларды тиімді өткізу мақсатында оңтайлы режимдері есептелуде.
«Қазгидромет»: Су тасқыны наурыздың соңында болуы мүмкін
«Қазгидромет» мамандары көктемгі су тасқынына байланысты болжамын айтты. Су басу қауіпті батыста — наурыздың соңында, солтүстік пен орталықта — сәуірдің басында, ал шығыста — сәуірдің соңында болуы ықтимал, дейді.
Әсет Қалиев, «Қазгидромет» РМК Бас директорының бірінші орынбасары:
Көктемгі су тасқынын қалыптастыратын факторларды талдап, келесі өңірлерде су басу қауіп жоғары екені анықталды. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстары. Болжам апта сайын жаңартылып отырады.
Қазір өңірлерде қорғаныш бөгеттері салынып, арық-каналдар тазартылған. Жолдағы су өткізу жүйелері ауыстырылып, өзен арналары кеңейтілген. Мамандардың айтуынша жағдай бақылауда.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жылына 200-ден астам баланың жүрегіне ота жасалады
18.03.2026, 20:58
Наурызнама: 4 мыңға жуық тұрғын ұлттық киіммен шеруге шықты
18.03.2026, 20:55
Қарағандыда дрондар бауырсақ таратты
18.03.2026, 20:54
«Халық таңдауы – жарқын болашақ» флеш-фестивалі өтті
18.03.2026, 20:51
Көкпардан Ұлттық құрама Қытайдан басым түсті
18.03.2026, 20:49
Әлем жаңалықтарына шолу
18.03.2026, 20:17
Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан әлемде ұшақ билеттері қымбаттап жатыр
18.03.2026, 20:15
Таяу Шығыстағы Қазақстан дипломаттары қандай жағдайда елге қайтарылады?
18.03.2026, 20:13