Экономиканы қолдау екі есе артқан
«Бәйтерек» холдингі биыл экономика салаларын қолдауға 8 трлн теңгеге дейін бағыттауды жоспарлап отыр.
Басым бағыттардың қатарында өнеркәсіп пен инфрақұрылымды қаржыландыру, агросекторды қолдау, экспортты дамыту және халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бар. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен «Бәйтерек» Ұлттық инвестициялық холдингі» директорлар кеңесінің отырысында мәлім болды. Былтар да холдингтің көмегімен экономиканың шикізаттық емес салаларын қаржыландыру көлемі 8 трлн теңгені құраған. Компаниялар мен ұйымдарға 7 трлн 100 млрд теңгеге қолдау көрсетіліп, нәтижесінде кәсіпорындардың экспорт көлемі 1,9 трлн теңгеге жетті. Бұл 2024 жылғы көрсеткіштен екі есе көп. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешенін қаржыландырудың арқасында 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Жиында директорлар кеңесі «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін 300 млрд теңгеге дейін облигациялар шығаруды мақұлдады. Сондай-ақ, ҚазАгроҚаржы арқылы ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 150 млрд теңге, ал Отбасы банк арқылы әлеуметтік осал топтарға 100 млрд теңгеге дейін ипотека беруді шешті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы