Нормативтік базаны жаңа Конституцияға сәйкестендіру жұмыстары басталды
Нормативтік базаны жаңа Конституцияға сәйкестендіру үшін мемлекеттің институционалдық негізін трансформациялауды кезең-кезеңімен жүзеге асыру тәсілі енгізілуде. Мұны Үкімет отырысында әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты. Жаңа тәсілге сәйкес, мемлекеттік жүйе кезең-кезеңімен трансформацияланады. Реформаның негізі — «адамға бағдарланған» модель. Негізгі өзгерістерге тоқталсақ, азаматтардың құқықтарын қорғау күшейеді, «Миранда ережесі» Конституцияда бекітіледі, ұсталған адамға құқықтары бірден түсіндіріледі. Тұрғын үйге қолсұғылмаушылық яғни, сот шешімінсіз үйден шығаруға тыйым салынады. Цифрлық кеңістікте жеке деректерді қорғау және Аумақтық тұтастық пен тәуелсіздікке қатысты жауапкершілік күшейеді.
Ерлан Сәрсембаев, Әділет министрі:
Жарлықты іске асыру мақсатында депутаттар корпусымен және мемлекеттік органдармен бірлесіп 5 дербес конституциялық заңды әзірлеу басталды. Сондай-ақ 8 конституциялық заңға және 60-тан астам заңға түзетулер енгізу қажет.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда Starlink Mobile (Direct to Cell) спутниктік мобильді байланысы іске қосылды
28.09.2026, 14:58
Мемлекет басшысы қорғаныс саласын түбегейлі реформалауды тапсырды
28.09.2026, 11:41
«Пайым, қоғам, мінез»
27.09.2026, 20:45
Жылыту маусымына дайындық қалай?
27.09.2026, 20:30
«Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16