Е.Қошанов: Мәжілістің алдында үлкен міндет тұр
Бүгін жаңа Ата заң қабылданғаннан кейінгі мәжілістің алғашқы жалпы отырысы өтті. Жиында Ерлан Қошанов негізгі жұмыс енді қыза түсетінін айтты. Себебі алдағы жоспар ауқымды. Парламент қарауына Президент, Құрылтай, Халық Кеңесі, Астананың мәртебесі және еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы жаңа 8 конституциялық заң енгізіледі. Сондай-ақ қолданыстағы 60-тан астам түрлі заңға түзетулер енгізу қажет. Тіпті кейбір кодекстерді қайта жазып шығуға тура келуі мүмкін, - деді.
Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:
Кеше Президент Конституция іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойды. Шындап келген біздің негізгі жұмысымыз енді басталады. Депутаттар корпусы қысқа мерзім ішінде Конституциялық өзгерістерді заңнамалық тұрғыдан бекітуді қамтамасыз етуі керек. Жақын арада бірқатар заң жобасы парламент қарауына енгізілетін болады. Бұдан бөлек Президентіміз бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық туралы рақымшылық жариялау жөнінде шешім қабылдады. Сондықтан бізге депутаттарға зор жауапкершілік жүктеліп отыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01