Басты Жаңалықтар «Қазатомөнеркәсіп» былтыр 25,8 мың тонна уран өндірген

«Қазатомөнеркәсіп» былтыр 25,8 мың тонна уран өндірген

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясы былтыр 25,8 мың тонна уран өндірген. Соның ішінде 13,5 мың тоннасы холдингтің үлесіне тиесілі.  Бұл туралы бүгін  «Қазатомөнеркәсіптің» басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Мемлекет басшысының қабылдауында баяндады. Сауда-саттық көлемі  де артқан. Ол 11 пайызға жетіп, 18,5 мың тонна болды. Президенттің бұған дейінгі тапсырмасына сай компания минерал-шикізат базасын ұлғайту және геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыра бермек. Жалпы аумағы  1 мың шаршы шақырымнан асатын алты жаңа уран учаскесінде тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Ал 2030 жылға дейін геологиялық барлау жұмыстарына жоспарланған инвестициялардың жалпы көлемі 75-85 миллиард теңге аралығына жеткен. 2018 жылы IPO-ға шыққан сәттен бастап компанияның нарықтық капиталдандырылуы 7 еседен аса өсті. Кездесу барыснда мемлекет басшысы ресурстық базаны одан әрі дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және әлеуметтік бастамаларды іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы:

Геосаяси тұрақсыздық жағдайында компания барлық міндеттемелерін орындап, келісімшарттарына толық сәйкес бүкіл әлем бойынша уран жеткізуін үздіксіз қамтамасыз етуде. Президент жаһандық атом индустриясындағы позициясын одан әрі нығайтуға және елдің ресурстық әлеуетін дамсытуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.


Бөлісу