Басты Жаңалықтар 8 миллионға жуық қазақстандық Конституцияны қолдап дауыс берді

8 миллионға жуық қазақстандық Конституцияны қолдап дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы берген дерекке сүйенсек, дауыс берушілер тізіміне енген 12,4 млн адамның 9 миллионнан астамы бюллетень алған. 8 миллионға жуығы жаңа Конституцияны «қабылдаймын» деп дауыс берген. 898 мыңы қарсы екенін білдірген. Сондай-ақ, 146 мың бюллетень «жарамсыз» деп танылса, тағы 127 мыңын комиссия есепке алмаған. Саяси науқанда 137 мыңнан астам жас бірінші рет дауыс берген. Мүгедектігі бар 46 мыңнан аса адам таңдау жасаған.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

Байқаушылар дауыс беруші жастар санының артқанын және мүгедектегі бар адамдардың дауыс беруі үшін комиссия мүшелерінің барлық ұйымдастырушылық техникалық жағдайды қамтамасыз еткенін, дауыс беру учаскелерінде жақсы ахуал қалыптасқанын ерекше атап өткенін айтуға болады.  

Саяси науқанды 359 халықаралық байқаушы бақылады. Шетелден келген 206 журналист ақпарат таратты. Ел бойынша аккердиттелген 256 қоғамдық бірлестік өкілі, коммерциялық емес ұйымның 45 мыңға тарта мүшесі байқаушы ретінде қатысқан. Сондай-ақ референдум барысы туралы отандық масс-медианың 1800 өкілі соңғы жаңалықтардан хабар беріп отырды.

Референдум күні 54 елде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беруге құқылы 14 мыңнан астам азаматтың 13 мыңға жуығы таңдау жасаған.

Әсел Жанәбілова, ҚР Орталық референдум комиссиясының мүшесі:

Біріншісі Ақтөбе облысындағы Брайль қарпінің оқылмауы мәселесіне қатысты болса, екіншісі Астанадағы учаскелік комиссияның бақылаушыны шығару туралы шешіміне қарсылық білдіруге байланысты. Аталған талап-арыздарды қарау нәтижесінде талапкерлердің уәждері расталмады. Осыған байланысты соттар оларды қанағаттандырудан бас тартты.  


Бөлісу