Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалады
Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы елімізде қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалынатыны туралы да айтты. Халық Конституциясы – стратегиялық сенім мандаты және ұзақмерзімді мақсаттар мен өрлеу жолына бастайтын жаңа қоғамдық келісім. Сондықтан еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты деп сеніммен айтуға болады. Соған сәйкес, мемлекет пен азаматтардың ықпалдастығы қайта жаңғыруы қажет,-деп атап өтті Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Өздеріңізге мәлім, былтыр қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалды. Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады. Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жамбыл облысында 2 мың жазасын өтеуші жұмыс істейді
04.09.2026, 20:20
Көшпенділер ойындары: Қоржында 25 алтын
04.09.2026, 20:15
Айыппұлмен келіспеген жүргізуші 10 тәулік ішінде шағымдана алады
04.09.2026, 20:09
7400 адам көлік жүргізу құқығынан айырылды
04.09.2026, 20:07
Ақмола облысында жыл соңына дейін инклюзияны қолдау бойынша 30 кабинет ашылады
04.09.2026, 20:05
Қытайда жойқын су тасқыны болды
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
04.09.2026, 20:05
Ұлттық банк зейнетақы активтерін кәсіби басқарушы компанияларға беру тәсілін өзгертпек
04.09.2026, 20:05