Елдің индустриялық қуаты жанданып келеді
Мемлекеттің жаңа индустриялық, энергетикалық және инфрақұрылымдық жүйесі қалыптасып келеді. Бұл туралы Президент мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында айтты. Былтырдың өзінде еліміздің әр түкпірінде 190 өндіріс орны іске қосылған. 22 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал биыл Үкіметтің болжамы бойынша құны 1,7 триллион теңге болатын 200 кәсіпорын қызметін бастайды. Онда 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашу жоспарланған. Осылайша Қазақстанның бұрынғы индустриялық қуаты жандана түспек. Осы қадамдардың арқасында ауыл шаруашылығы саласына әлемдегі озық компаниялар қызығушылық таныта бастады. Мысалы, шетел инвесторларының атсалысуымен Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында шикізатты терең өңдейтін және азық-түлік шығаратын ірі кәсіпорындар іске қосылады. Бұл жобаларға 1 миллиард доллардан астам қаражат салынған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы