Шымкент жастары көк байрақпен велошеру ұйымдастырды
Шымкент жастары жаңа Ата заңның қабылдануына орай мемлекеттік тумен велошеру ұйымдастырды. «Ауыл» партиясының өңірлік филиалы мен қала әкімдігі ұйымдастырған шараға жоғарғы оқу орындарының 100-ге жуық студенті қатысты. Вело әуесқойлардың шеруі Қажымұқан стадионынан басталып, Асанбай Асқаров атындағы Дендро саябаққа дейін жалғасты. Бас-аяғы 5 шақырым қашықты жүріп өтті. Бұл іс-шара халықтың саяси белсенділігін арттыруға бағытталған.
Ғани Қарабеков, «Ауыл» партиясы Шымкент филиалының төрағасы:
Жастар өте белсенді болды осы референдумда. Сол енді коалиция мүшесі ретінде жаңа Контицуцияны қолдайтын адамдарды көп көрдік. Сол енді кеше ғана өздеріңіз білесіздер, жарияланды Конституция қабылданды деп. Соған бүгін біз жастармен бірлесіп, осындай ойға келіп, велошеу өткізейік, жаңа Конституция жаңа мүмкіндік деп.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан түркі мемлекеттеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды
25.10.2026, 20:00
Қосымша білім беру орталықтарының жұмысын жүйелеу қажет
25.10.2026, 20:00
Әскери реформада не өзгереді?
25.10.2026, 20:00
Жеті жылдағы жетістіктер: Президент ел дамуының негізгі көрсеткіштерін атады
25.10.2026, 20:00
«Таза Қазақстан»: Екі жылда не өзгерді?
25.10.2026, 20:00
Білім, еңбек, ізденіс: Ел дамуына үлес қосып жүрген мамандар
25.10.2026, 20:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
25.10.2026, 12:05
Республика күніне орай Астана әуежайында шетелдік қонақтарға ерекше тосынсый жасалды
24.10.2026, 16:54