Мемлекет басшысы Конституцияны іске асыруға арналған Жарлыққа қол қойды
Жаңа Конституция 1 шілдеден бастап ресми түрде күшіне енеді. Бүгін Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа салтанатты түрде қол қойды. Әуелі орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумның қорытындысын жариялады. Одан кейін президент, жарлыққа қол қойып, референдумге атсалысқан азаматтарға алғысы мен ризашылығын білдірді. Ал Конституция күні мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі. Мемлекет басшысы Конституцияның жобасы шамамен екі жыл бұрын пысықтала бастап, кейін жан-жақты талқыланып, зерделеніп жазылған, табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Бұл референдум берекелі бірлік пен ырысты ынтымағымыздың тағы бір өнегелі көрінісі және нышаны болды. Біз халқымызға тән нағыз отаншылдық рухын сезіндік, олардың риясыз қолдауына куә болдық. Мемлекет тағдырына бей-жай қарамай, дауыс беру науқанына атсалысқан барша азаматқа зор алғыс айтамын! Ұлт мүддесін терең түсініп, Ата заңды қолдап, дауыс беруді тарихи миссия санаған жұртшылыққа шынайы ризашылығымды білдіремін.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11