«Наурыз» бағдарламасына өтінім біраз уақыт қабылданбайды
«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Бұл наурыз айының 21-25 аралығындағы мерекелік демалымқа байланысты қабылданған шешім. Отбасы банктің баспасөз қызметі хабарлауынша құжаттарды қабылдау мерекеден кейін қайта жалғасады. Банктің парақшасында өтінім толтыру бойынша нұсқаулық жарияланған. Ол құжатты тез әрі қатесіз толтыруға көмектеседі. Шарттарына тоқталсақ, бағдарламаға Отбасы банк салымшылары қатыса алады. Басты талап банктегі шотыңызда кемінде 2 млн теңге болуы керек және соңғы 5 жылда атыңызда, отбасы мүшелерінің атында баспанасы болмауы шарт. Наурыз бағдарламасымен баспана алуға несие 19 жылға беріледі.
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30