Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Саяси науқанның түпкілікті қорытындысы мынадай:
Жалпы ел бойынша дауыс берушілер тізімінен 12,4 миллион адам енген. Оның ішінде 9 миллионнан астамы бюллетень алған. 8 миллионға жуығы яғни 87,15%-і жаңа Конституцияны «қабылдаймын» деп дауыс берген. Таңдау жасағандардың 898 мыңы қарсы екенін білдірген. Сонымен бірге, бюллетеньдердің 146 мыңы «жарамсыз» деп танылса, тағы 127 мыңын комиссия есепке алмаған. Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сәйкес, 137 мыңнан астам жас бірінші рет дауыс берген. Ал мүгедектігі бар 46 мыңнан аса адам таңдау жасаған. Саяси науқанды 38 ел, 11 халықаралық ұйымнан келген 359 байқаушы бақылады. Сондай-ақ өзге елден келген 206 журналист ақпарат таратты. Ел бойынша 256 қоғамдық бірлестік өкілі аккердиттелген. Коммерциялық емес ұйымның 45 мыңға тарта мүшесі байқаушы ретінде қатысқан. Сондай-ақ референдум барысы туралы отандық масс-медианың 1800 өкілі соңғы жаңалықтардан хабар беріп отырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы