Байқаушылар: Референдум халықаралық талаптарға сай өтті
Референдум халықаралық нормаларға сай өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылары осылай деді. Олардың сөзінше, саяси науқан кезінде заңға қайшы әрекет тіркелген жоқ. Халықтың, әсіресе жас буынның белсенділігі ерекше болды. Байқаушылар саяси науқан басталмай тұрып ұйымдастыру деңгейін көріп, оған жоғары баға бергенін айтады. Электоралды үрдіске енгізілген IT технологиялар мен комиссия мүшелерінің кәсібилігі де референдумның сәтті өтуіне сеп болды дейді.
Олег Копылов, халықаралық байқаушы:
Қазақстанға бұған дейін де байқаушы болып келгем. Референдумға дайындық, ұйымдастыру жағы жоғары деңгейде. Әсіресе цифрландыру тұрғысынан біраз ілгерілегенін атап өткім келеді. Бұл Қазақстанның мықты тұсы.
Кабылбек Мамбетаипов, халықаралық байқаушы:
Мен 11 учаскеде болдым. Халықтың белсенділігі өте жоғары болды. Әсіресе жастар көп. Бәрі көтеріңкі көңіл-күйде болды.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12