Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның табысты өтуімен құттықтады. Өзбекстан Президентінің айтуынша, референдум нәтижесі Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформаларға Қазақстан халқы зор сенім артатынын көрсетеді. Мемлекет басшысы қолдау білдіріп, халықаралық ұйымдар құрамында Өзбекстаннан байқаушылар миссиясын жібергені үшін Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Сондай-ақ Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, алдағы кездесулердің кестесін пысықтады. 


Бөлісу