Индер ауданында темірді тірілтетін шебер тұрады
Атырау облысы Индер ауданында темірден түйін түйіп, түрлі арт-скульптура дайындайтын шебер тұрады. Жұмысына адал Индербор кентінің тұрғыны Азамат Кенжеғалиевтің туындылары бүгінде қала, аудан орталықтарына қойылып, көшелердің шырайын келтіріп тұр. Жуырда салмағы 800 келі, ұзындығы 10 метр болатын алып бекіренің мүсінін жасап шықты. Қазақы оюмен өрнектелген бұл туындысы Атырау қаласы теміржол вокзалының алдына қойылған. Бұдан бөлек, тағы бірнеше мүсіндердің авторы туралы монолог сюжетке зер салайық.
Азамат Кенжеғалиев, Индербор кентінің тұрғыны:
Қарындасымның айналысып жатқан кәсібін көріп, соны неге темірден құрастырып жасамасқа деген ой келді. Құрақтың темір түрі ғой бұл. Егер қолдау болып жатса, жоқ дегенде 3 адамды жұмыспен қамтимын. Қарапайым дәнекерлеуші, слесарь, аппарат алсам, оператор аламын. Басында қолдау беріп, көтеріп жіберсе, ары қарай өзіміз алып кетеміз ғой. 2020 жылы көпірден бір келіншек секіріп кетіп, соны құтқарамын деп полиция қызметкері Шалқар деген жігіт суға кетіп қайтты. Соның ерлігі елдің есінде қалсын деген ниетпен мына мүсінді жасайын деп жатырмын. Сол әрекеті қатты әсер қалдырды. Қалаға қойсам деймін, арман болып жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы