Оралда «Ерке сылқым» күйін 500 оқушы орындады
Оралда Мәдениет және салт-дәстүр күніне орай 500 оқушы бір мезетте «Ерке сылқым» күйін орындады.
Осылайша Наурызнаманың онкүндігі аясында қала мектептерінің шәкірттері мен колледж студенттері ұлттық өнерді насихаттады. Күйші-композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі жасқа да, жасамысқа да жете таныс болғандықтан, іс-шараға осы шығарма таңдап алынған. Бұл бастама жас ұрпақтың дәстүрлі өнерге қызығушылығын арттырмақ. Әрі мәдени мұраны дәріптеуді, Наурыз мерекесінің рухани мазмұнын тереңдетуді көздейді.
Мұхамед Сабырғали, оқушы:
«Ер Тұран», «Балбырауын» деген күйлерді білемін. «Тепеңкөк» пен «Адай» күйлерін үйреніп жүрмін. Жақында мен Ақтөбеге барып келгенмін. Өмірімде бірінші рет Ақтөбені көріп, Гран-при жеңіп алдым.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17