Басты Жаңалықтар Ақтөбеде жыршылар тәулік бойы жырламақшы

Ақтөбеде жыршылар тәулік бойы жырламақшы

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақтөбеде ерекше жоба басталды. «Ер Едіге» жыр мектебінің өнерпаздары тәулік бойы тоқтаусыз жыр айтып, рекорд жасамақ.

Бұл шараға 36 өнерпаз қатысып жатыр. Олар әр 3 сағат сайын алмасып отырады. Бірақ, жыр үзілмеуі тиіс. Ұйымдастырушылар жыршылардың кезекпен дем алуына және тамақтануына жағдай жасайды. Бағдарламада 36 дастаннан тұратын  «Қырымның қырық батыры» эпикалық циклі және қиссалар мен насихат термелер орындалады. Бүгін түсте басталған шара 24 сағатқа жалғасады. Жыршылардың өнерін Азия мен Африка елдері бойынша GBR рекордтар кітабының бас офицері бақылайды. Жоба талаптары толық сақталған жағдайда әлемдік рекордтар тізіміне енгізіледі.

Әділбек Сарин, жыр мектебінің жетекшісі:

Мақсатымыз - баяғы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін жаңарту. Оған «Қырымның 40 батыры» толық жырланады. 31 мың жол. Сосын басқа да терме-толғаулар.


Бөлісу