Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Атырауда кәсіптік білім беру жүйесін цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудегі халықаралық тәжірибені талқылау мақсатында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға өндіріс пен білім беру саласының жетекші мамандары, халықаралық серіктестер, сарапшылар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Конференция аясында білім беру саласындағы тың бастамалар мен жобалар таныстырылды. Сондай-ақ Қытайдың «New Land Technology» компаниясымен бірлескен AI Lab+ зертханасы ашылды. Бұған қоса әр өңірден келген студенттер арасында WorldSkills стандарттарына сәйкес жолдастық чемпионат өтті.
Асылбек Нұрмышев, APEC Petrotechnic жоғары колледжінің директоры:
«АІ Орта»: өндіріс пен білімнің үндестігі» тақырыбында өтіп жатқан халықаралық дәрежедегі ғылыми-практикалық конференция Президентіміздің Жолдауында қарастырылған цифрлық, жасанды интеллектіні өндіріс пен білім саласына енгізуге тікелей бағытталған. Жалпы Apec Petrotechnic жоғары колледжі биылғы оқу жылында колледждерді трансформациясы бағыты бойынша шетелдік әріптестермен қарқынды жұмыс жасап жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04