Басты Жаңалықтар Референдум байқаушылары: 200-ге жуық заңбұзушылық тіркелді

Референдум байқаушылары: 200-ге жуық заңбұзушылық тіркелді

Алматының белсенді азаматтары «Халық үні» тәуелсіз байқаушылар тобын құрып, 15 наурыз күні өткен референдум барысын бақылауға атсалысты. Олар дауыс берудің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қадағалады. Ұйымның 2 мыңға жуық тәуелсіз байқаушысы Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда, еліміздің 11 қаласындағы референдум учаскелерінде жұмыс істеген. Байқаушылар алдын ала іріктеліп, арнайы дайындықтан өтіп, референдум күні азаматтардың еркін таңдау жасауына жағдайдың сақталуын бақылаған. Референдум қорытындысы бойынша «Халық үні» байқаушылары бірқатар құқық бұзушылықты тіркегенін айтты. Олардың қатарында азаматтардың тіркелмеген учаскеге келіп, дауыс беруге талпынуы сияқты бірқатар заңбұзушылық бар.

Нұрболат Нышанбай, саясаттанушы:

Жалпы 200-ге жуық заңбұзушылықтар, хаттамалар толтырылды. Негізгілеріне келетін болсам, ол әрине дәстүрлі түрде тек Қазақстанға емес, барлық елде кездесетін дауыс беру кабинкаларына кейде екі адамның бірлесіп кіруіне талпынуы. Ол әрине конституциялық тұрғыдан адамның жеке дауыс беру құқығына кері әсер етеді.


Бөлісу