Шетелдік байқаушылар референдумды жоғары бағалады
Референдум күні дауыс беру процесі ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтті. Түркия мен Қырғызстаннан келген байқаушылар осылай деп отыр. Олар Алматыдағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болып, ұйымдастыру жұмыстарына жоғары баға берді. Шетелдік байқаушылардың айтуынша, референдум учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалған. Дауыс беру барысы талапқа сай ұйымдастырылып, азаматтардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік берілгенін айтып отыр. Сонымен қатар, байқаушылар учаскелердегі тәртіп пен қауіпсіздік шараларының сақталғанын, комиссия мүшелерінің жұмысы жүйелі жүргізілгенін де атап өтті.
Махмут Өзер, Түркия Республикасы Ұлы ұлттық мәжілісінің депутаты:
Біздің әрбір байқаушымыз таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істеді. Алматы қаласындағы 10-нан аса референдум учаскесін аралап шықтық. Дауыс беру процесінің барлық кезеңін бақыладық. Барлығы белгіленген ережелерге сәйкес өтті. Ешқандай заң бұзушылықтарды байқамадық. Жалпы процесс ашық әрі заң талаптарына сай ұйымдастырылған.
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04