Халықаралық ұйымдар: Референдум ашық әрі әділ өтті
Республикалық референдумның ұйымдастыру деңгейі жоғары болды. Арнайы брифингте халықаралық ұйымдардың өкілдері осылай деді. Жиынға Түркі мемлекеттерінің парламенттік ассамблеясы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы және Ислам ынтымақтастық ұйымы қатысты. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері сөз сөйлеп, саяси науқан ашық әрі әділ өткенін жеткізді. Тұрғындарға, соның ішінде мүгедектігі бар жандарға дауыс беру үшін қажетті жағдай жасалғанын да атап өтті.
Омер Коджаман, ТМҰ бас хатшысының орынбасары:
Референдумда халықаралық ұйымдардан 359 өкіл болды. Бұл саяси науқанның ашық әрі әділ өткенінің тағы бір дәлелі. Біз 30-дан астам учаскеде болдық. Қажетті жабдықтың бәрі бар. Мүгедектігі бар жандарға барлық жағдай жасалған.
Талғат Адуов, ТМПА бас хатшысының орынбасары:
Байқаушылық қызметте тәжірибеміз мол. Қазақстан әр кез демократияның жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Тұрғындар таңдауын еркін жасап жатқанын байқадық. Ұйымдастыру деңгейі жоғары болды.
Автор
Жанел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бүркітші» көркем фильмі көрерменге жол тартты
10.09.2026, 10:12
«Тарифті инвестицияға айырбастаудың» жаңа бағдарламасы іске қосылды
10.09.2026, 10:06
Ақтөбеде қоғамдық орындарды ластағандар жауапқа тартылды
10.09.2026, 10:02
APPLE бүктелетін жаңа смартфондар ұсынды
10.09.2026, 10:01
Филиппин аралдарында паром өртеніп, 87 адам жоғалып кетті
10.09.2026, 10:00
Шымкентте қоғамдық көлікке қатысты шағым көбейді
10.09.2026, 10:00
Құрылтайдың жаңа жұмыс тәрітібі айқындалады
10.09.2026, 09:59
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 09:57