Қазақстандағы референдум әлем баспасөзінің наразынан тыс қалмады
Бүгінгі референдум әлем баспасөзінің де назарынан тыс қалмады. Енді солардың кейбіріне шолу жасасақ:
«Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан тұрғындары жексенбі күні референдумға барып, жаңа конституция бойынша дауыс беріп жатыр. Және де америкалық тілшінің материалында жаңа конституция қабылданған жағдайда, еліміздің басқару жүйесінде қандай өзгерістер болатыны да айтылған.
Ал «Рейтер» президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс беріп жатқан сәті жайлы суреттер жариялап, Қазақстанды Орта Азияның ең алып экономикасы деп атап өткен. Сонымен қатар, халықаралық агенттік Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты курсанттарының референдумға қатысып жатқаны туралы фотолар жариялады.
Бүгінгі референдумға түріктің ең ірі жаңалықтар агенттігі «Анадолы» да материал арнады. Оның дерегінше, шетелдегі қазақстандықтар үшін әлемнің 54 елінде дауыс беру бөлімшелері ашылған. Және де бұл мақалада түрік парламентінің депутаты Осман Местеннің «референдум Қазақстан халқы мен мемлекеті үшін аса маңызды» деген пікірі де берілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы